Ауыр атлетика

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты коронавирус салдарынан Қазақстаннан Өзбекстанға ауыстырылды

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты коронавирус салдарынан Қазақстаннан Өзбекстанға ауыстырылды
news-banner7
mobile-news-top

Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Қытайда коронавирустың жаңа түрі пайда болуына байланысты Қазақстаннан Өзбекстанға ауыстырылды, деп хабарлайды Prosports.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Турнирді Қазақстан үкіметінің Қытаймен шекаралас елдерден жолаушылар қозғалысына шектеулер енгізуіне байланысты кейінге шегеру туралы шешім қабылданды деп хабарлайды.

«Азия ауыр атлетика федерациясының атқарушы комитеті қазіргі жағдайды шұғыл түрде талқылап, Азия чемпионатын Өзбекстанға ауыстыру туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Турнир 16-25 сәуір аралығында Ташкентте өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер