«Атырау» армениялық командамен тең тарқасты
13 ақпанда Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында «Атырау» армениялық «Ноа» командасымен жолдастық матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Командалар 1:1 (0:0) есебімен тең тарқасты.
«Атырау» сапынан жалғыз голды Темірлан Әміров ойынның 84-ші минутында соқты. Айта кетейік, Әміров алаңға екінші таймда шықты. Ол атыраулық командада қаралымнан өтіп жүр.
Бірінші тайм:
Грошев (Қ), Шабаев, Жұмаханов, Басов, Избасаров, Макаренко (қаралымда), Кайраллиев, Жұматов, Тастанбеков, Алекс, Гжельчак.
Екінші тайм:
Логиновский (Қ), Ходжамов (қаралымда), Грабко, Волков (қаралымда), Макуов, Сатанов, Аманжол, Савостьянов (қаралымда), Жагоров, Әміров (аралымда), Родионов.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или