ФНЛ-дан Қазақстан чемпионатына тағы бір футболшы ауысты
«Алания», «Кубань» және «Анжи» командаларында доп тепкен Арсен Хубулов мансабын қарағандылық «Шахтерде» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz, Matchtv.ru порталына сілтеме жасап.
Өткен маусымды 29 жастағы жартылай қорғаушы «Енисей» өткізіп, РПЛ-де 8 матчқа қатысып, ФНЛ-да 16 ойында алаңға шығып, 1 гол соқты.
Айта кетейік, осы қысқы трансферлік терезе кезінде Қазақстан чемпионатына ФНЛ-дан келген сегізінші футболшы. Жаңа маусымнан бастап ресейлік футболшылар Қазақстанда легионер болып саналмайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или