Юсуп Шадиев: «Вайсс «Қайратты» жаңа деңгейге көтерді»

Қазақ футболының ардагері Юсуп Шадиев «Қайрат» пен «Шахтерге» қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- «Қайрат» командасы жуырда Владимир Вайсспен қош айтысуы мүмкін бе?

- Жоқ. «Астанадан» жеңілгені рас, бірақ мұндай жайттар футболда жиі болады. Бүлініп қалған ештеңесі жоқ, «Қайрат» әлі де жүлде үшін таласып Қазақстан Кубогын ұта алады, алда әлі үш тур бар. Алғашқы турларда нашар ойын көрсеткен соң, Вайсс ойынға өзгерту енгізіп жағдайды түзей алды. Яғни команданы жаңа деңгейге көтерді.

- «Астана» бірінші орынға шығып, «Ақтөбе» «Қайраттың» өкшесін басып келеді. Алтын медальға қай команда лайықты деп есептейсіз?

- «Астананы» 60%-ға чемпион деп айта аламын. «Ақтөбе» «Астана» мен «Қайратты» өз алаңында қабылдайды. Станимир Стойловтың командасы Қарағандыда ұтылып батысқазақстандықтан «Қайсарды» тізе бүктірсе, «Қайраттың» мүмкіндігі арта түспек. Алматылықтар «Қайсарды» жеңе алмай өз жолын ауырлатып алды.

- «Шахтердің» жағдайы туралы не айта аласыз?

- Қазынадан ақша бөлінсе де ойыншыларға үш ай жалақы берілмеген, бұл сұмдық. «Шахтердің» былтырғы құрамы жақсы еді, Сергей Хижниченко, Геворг Казарян мен Рохер Каньястар кеткен соң олардың орнына мықты ойыншылар алынған жоқ. Бар мәселе осыда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или