Футзал

«Қайрат» Қазақстан чемпионатының 15-турында «Атыраудан» басым түсті

«Қайрат» Қазақстан чемпионатының 15-турында «Атыраудан» басым түсті
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан Премьер-лигасының 15-турының матчында «Қайрат» «Атырауды» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz алматылық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Матч өте қызықты және тартысты өтті. Кездесу алматылық клубтың 3:1 есебімен жеңісімен аяқталды.

«Қайрат» сапынан гол соққандар: Шыңғыс Есенаманов, Нұрсұлтан Пиялы және Дәурен Тұрсағұлов. Қонақтар Жомарт Тоқаевтың дәл соққысымен жауап берді.

Қайрат - Атырау - 3: 1 (1: 0)

Голдар: Есенаманов 13, Пиялы 25, Тоқаев 27, Тұрсағұлов 39.

Қос команда арасындағы екінші ойын 11 ақпанда «Қайрат» СК-де, Нұр-Сұлтан уақытымен 19: 00-де өтеді.

Фото: Қайрат футзал клубы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер