Станимир Стойлов: «Матч қателіктен басталды, бірақ футболда барлығы болады»

«Астана» футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов баспасөз-мәслихатында шәкірттеріне көңілі толатындығын жеткізді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Бұл біздің команда үшін үлкен есеппен жақсы жеңіс болған. Бүгін біз мықты командаға қарсы ойнадық. Матч қателіктен басталды, бірақ футболда барлығы болады. Команда мінезін көрсеткен, футболды қалай ойнау керектігін көрсеткен. Біз ұйымдасып ойнағанда, өз алаңымызда өте қауіптіміз. «Қайрат» - жақсы деңгейлі команда, сондықтан біздің жеңіс маңыздырақ болуда. 5:1 есебімен тартысты әр күнде жеңе бермейсің.

- Бүгін Георгий Жуков неге ойнаған жоқ?

- Ол ойын алды жаттығуда тізе жарақатын алды, өкінішке орай, оның қалпына келу мерзімін білмейміз. Менің қол астымда 15 – 16 ойыншы және екі қақпашы, сондықтан Жуков тезірек айығады, деп үміттенеміз.

- Бүгін «Астана» «Қайраттан» асып жүгірді, деп айтуға болады ма?

- Бүгін біз бірінші орынға шықтық. Біздің шабуыл ойыншыларында өте жақсы жылдамдық, барлық футболшылар жылдам. Алғашқы 15 – 20 минут біз күйгелек ойнадық, өйткені голды өткізіп алғанбыз. Біздің ойыншылар 30 – 40 мертден соққан дұрыс емес, бірақ кейін барлығы орнына келді. Команда бірінші голды соққанда, біздің команда жеңетінін білдім.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или