Бұл не деген батпан құйрық... Алматыдағы шудың себепкері кім?

Бұл не деген батпан құйрық... Алматыдағы шудың себепкері кім?

Бүгін Алматы қаласынан жағымсыз жаңалық жетті. Бес бірдей футболшы белгісіз себептерге байланысты ҚПЛ ойындары мен жаттығу жұмыстарынан маусым соңына дейін шеттетілді. Әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен бұл мәселе жөнінде осетиялық блогер Батраз Тигиев өз пікірін білдірді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Алания» клубының бұрынғы жетекші футболшылары өнер көрсететін Қазақстан Премьер-лигасынан жағымсыз жаңалық жетті. Қазақстанда футбол чемпионаты көктем-күз жүйесі бойынша өткізіледі. Қазіргі таңда ол жерде чемпиондыққа таластың нағыз қызған шағы. Сәрсенбі күні жергілікті жанкүйерлер «шешуші» ойынға балаған кездесу өтті: «Астана» өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдады.

«Қайрат» есепті бірінші болып ашып, ұзақ уақыт алда тұрған еді. Алайда бұдан кейін белгісіз жағдай орын алды: қонақтардың қорғанысының быт-шыты шығып, бес бірдей гол жіберіп алды қақпасына. Бейсенбі күні таңғысын алматылық клубтың ресми сайтында бес бірдей футболшының ойыннан аластатылғаны жөнінде ақпар жетті.

Олар:

1) Дмитрий Хомич

2) Заурбек Плиев

3) Михаил Бакаев

4) Александр Кислицын

5) Самат Смақов

Бейресми деректерге сенетін болсақ, бұл бес футболшы «Астанаға» қарсы «шешуші» матчта қарсылас командаға болысқан, яғни астаналықтардың гол соғуына жағдай жасап беріпті. Осы себепке байланысты енді бұл бес футболшы командадан қуылады. Әрине, бұған дейін сенуге қиын-ақ, сенгің де келмейді. Дегенмен, Михаил Бакаевты жақсы танитын адамдар оның мұндай іске баратынына сенбейді.

Тағы бір себеп,  «Астанамен» болған ойыннан кейін қонақтардың киім ауыстыратын бөлмесінде ойыншылар сөзге келіспей қалған. Жергілікті футболшы мен Плиев арасында қақтығыс орын алып, осетиялық жерлесін қорғаштаған басқа футболшылар арасында жанжал болды деген де сыбыстар бар.

Қайталап айтамын, мұның бәрі жанкүйерлер мен тілшілердің айтып жүрген сөздері, бірақ бір анығы маусым соңында Хомич, Плиев пен Бакаев маусым соңында өзіне жаңа команда іздейді», - деп жазыпты Тигиев.

region15.ru сайтының ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или