Футзал

ҚФФ басшысы: Қазақстан құрамасы жеңісті жолын жалғастыратынына сенемін

ҚФФ басшысы: Қазақстан құрамасы жеңісті жолын жалғастыратынына сенемін
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков Қазақстан ұлттық құрамасын футзалдан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алуымен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz Kff.kz сайтына сілтеме жасап.

- Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына жолдама алып, елімізді тағы бір жетістігімен қуантты. Элиталық кезең қожайындары - Чехия құрамасына қарсы шешуші матчта біздің ойыншылар барлық күшін алаңда 200% сарп етті Мұндай қарсыласпен ойнау оңайға соққан жоқ, бірақ жігіттер керемет және әдемі ойын көрсетті.

Бапкерлер құрамы үлкен жұмыс істеді, олар Элиталық кезенге ойыншылардың бабын қалыпқа келтірді.

Болашақта команда өзінің сәтті ойынын жалғастыратынына сенімдімін. Бізді қызықты әлем чемпионаты күтіп тұр, онда Қазақстан бұрынғы жетістіктерінен асып түседі деп ойлаймыні. Төртжылдықтың негізгі турниріне ойыншыларымыз толықтай дайындалатынына күмәнім жоқ.

Осы жетістігі үшін жаттықтырушылар құрамына, ойыншыларға және әкімшілік қызметкерлерге алғыс айтамын! Сіздерге мыңдаған жанкүйерлер қолдау көрсетті, олар сәттілікке сенді және осы команданың маңызды мүшесіне айналды. Алға, Қазақстан! - деді Жақсыбеков

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер