«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы «Атырау» тізгінін ұстады

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы «Атырау» тізгінін ұстады

Атақты бразилиялық футзал ойыншысы Бетао «Атырау» футзал клубының бас жаттықтырушысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

41 жастағы бразилиялық былтыр ойын мансабын аяқтады. Бұған дейін Бетао бразилиялық, итальяндық, испандық клубтарда ойнады. Сондай-ақ алматылық «Қайрат» қатарында да доп тепті.

Айта кету керек, «Атыраудың» жаңа бапкері Бразилия ұлттық құрамасымен бірге 2008 жылы әлем чемпионатын жеңіп алған еді. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или