Футзал

Игита: Қазақстанда қақпашылардың да деңгейі артып келеді

Игита: Қазақстанда қақпашылардың да деңгейі артып келеді
news-banner7
mobile-news-top
Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита ҚФФ баспасөз қызметіне сұхбат беріп, 2020 жылғы Әлем Чемпионатының элиталық кезеңінің ойындары туралы ойын ортаға салды, деп жазады Prosports.kz.

- Маусым соңында жарақат алып қалдыңыз. Қазіргі жағдайыңыз қандай?

- Бұрын-соңды болмаған жарақат. Қазіргі уақытта жүз пайыз дайынмын деп айта алмаймын. Алайда, ынта-жігердің арқасында жетістікке жетуге болады. Өкінішке қарай, жарақаттан ешкім сақтанбаған. Жүре алмай қалған кезімде болды. Алайда, жігіттердің қолдауымен бабыма қайта келе бастадым. Мақсатымыз - Әлем Чемпионатына шығу.

- Бірнеше жыл бойы ұлттық құраманың қақпасын қорғап келесіз. Өкінішке қарай, уақыт зымырап барады. Еліміздің бас құрамасында өзіңіздің ізбасарыңыз кім болуы мүмкін? Соққысы жойқын екінші Игита бар ма?

- Қазақстанда алаңдағы ойыншылар ғана емес, қақпашылардың да деңгейі артып келеді. Бұрын-соңды деңгейі жоғары қақпашылар болмады. Бәсеке артып, қақпашылар аяқпен де ойнай бастады. Нұрәлем Байдолланың ойын сапасы өте жоғары. Батыл қимылдайды. Аяқпен де жақсы ойнайды. Болашағы зор қақпашы. Дәл осындай сөздерді Александр Гуровке де айта аламын. Қазақстанда жас қақпашылар көп. Олар үшін ең бастысы - тұрақтылық. Төрт-бес жылдан кейін менің ойын үлгімдегі қақпашылар шығып, ұлттық құрамаға көмектеседі деп ойлаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер