Сүлейменов: Іріктеуден өтіп, Әлем Чемпионатында ойнағым келеді
 
                  - Жаттығулар кешкі уақытта болды. Чехиядағы уақыт белдеуімен байланысты ма?
- Бас бапкер Еуропа уақытына ауысу керек екенін айтты. Тамақтан бастап, жаттығуға дейін өзгерістер енгіздік.
- 2018 жылғы Еуропа Чемпионатынан кейін менің соңғы турнирім деп айтқан едіңіз. Ұлттық құрамадағы ойын мансабыңызды 2020 жылғы Әлем Чемпионатына кейін аяқтауды жоспарлап отырсыз ба?
- Іріктеуден өтіп, Әлем Чемпионатында ойнағым келеді. Осы мақсаттарды орындау үшін күш саламын.
- Биыл ел чемпионатында командалардың саны көбейіп, бәсеке арта түсті. Халықаралық ойындар алдында ішкі чемпионаттағы ойындар қаншалықты көмектеседі?
- Ел чемпионатының деңгейі көтерілгені ұлттық құрама үшін жақсы болмақ. Әр ойында ойыншылардың деңгейі де арта түседі.
                                          Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
                  
                  
                  Комментарии
                                              Для того, чтобы оставить комментарий,  или