Футзал

Футзалдан оқу-жаттығу жиындарына қатысатын Қазақстан құрамасы ойыншыларының тізімі жарияланды

Футзалдан оқу-жаттығу жиындарына қатысатын Қазақстан құрамасы ойыншыларының тізімі жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

23 қаңтар күні Нұр-Сұлтанда футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиындары басталады. Рикардо Кака бастаған бапкерлік құрам командаға шақырту алған ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қақпашылар: Игита («Қайрат»), Александр Гуров («Аят»), Нұрәлем Байдулла («Жетісу»);

Алаңдағы ойыншылар: Дәурен Нургожин, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсагұлов, Альберт Ақбалықов, Нұрсұлтан Пиялы, Дуглас (бәрі - «Кайрат»), Азат Валиуллин («Аят»), Дінмухамед Сүлейменов, Арнольд Кнауб (екеуі де – «Жетісу»), Қайрат Иманалин («Ақтөбе»), Тайнан, Лео (екеуі де – «Спортинг», Португалия).

Бапкерлік құрам мен қызметкерлер: Рикардо Кака – бас бапкер, Сергей Коридзе – бас бапкердің көмекшісі, Де Соуза Лиуз Энрике – физдайындық жаттықтырушысы, Нұрлан Битұгылов - дәрігер, Тиаго Виейра – физиотерапевт, Жандос Кеңесов – әкімші, Уәлихан Байтақов – менеджер.

Жаттығу жиыны 31 қаңтарға дейін созылады, команда одан кейін 2020 жылғы әлем чемпионатының элиталы кезеңінде бақ сынау үшін Чехияға аттанады. Құрамамыздың қарсыластары - Румыния, Словения және Чехия. Элиталық кезең ойындары 2-5 ақпан аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер