«Астана» қатысатын «Оман туры» кейінге қалдырылды
Оманның Сұлтаны әрі премьер-министрі Кабус бен Саид Аль Саидтың қайтыс болуына байланысты 11-16 ақпан аралығында өтеді деп жоспарланған «Оман туры-2020» турнирі кейінге қалдырылды, деп жазады Prosports.kz.
Елде 40 күндік аза тұту жарияланды, ол 21 ақпанға дейін жалғасады.
Айта кетейік, «Астана» командасы енді «Оман турының» орнына 11-16 ақпанда өтетін «Колумбия туры» көпкүндік жарысына қатысады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или