Мойес: «МЮ-ге» қайта оралуға дайынмын»

Англиялық «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы бапкері Дэвид Мойес қайтадан бапкерлік қырын сынап көргісі келетіндігін айтты, леп хабарлайды «PROСПОРТ».

51-жастағы шотландиялық маман «Манчестер Юнайтедте» жоғалтқан беделін қайта қасықтап жинауға дайын екендігін мәлімдеді. Оның айтуынша «МЮ-де» оған тек сәттілік жолдас болмады.

«Мен қайта оралуға дайынмын. Біраз уақытқа демалыс алған болатынмын, енді қызметімді қайта бастауға толыққанды дайынмын. Мен өз болашағын ойлайтын командамен жұмыс жасағым келеді. Егерде «Эвертон» осыған сай болғанда, мүмкін кетпесте едім. «Манчестер Юнайтед» осы талапқа сай деп ойлаған едім, алайда менің тек жолым болмады. Ендігі жолы, тек маған сенім артып, команданы құруға толыққанды маған тапсырған жағдайда ғана бапкерлік қызмет атқарамын», - деді Мойес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или