Бокс

Бас бапкер лицензиялық турнирге қатысатын боксшылардың қашан анықталатынын айтты

Бас бапкер лицензиялық турнирге қатысатын боксшылардың қашан анықталатынын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Алматы облысында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Куба, Венгрия және Жапония командаларымен өткізген бірлескен жаттығу жиыны аяқталды.

Айта кетелік, бірнеше күнге созылған жаттығу жиынында спортшылар спаррингтік кездесулер өткізіп, жалпы физикалық дайындыққа көңіл бөлген болатын.

"Бүгін Алматы облысындағы бірлескен оқу-жаттығуымыз аяқталды. Енді дайындық кезеңін Нұр-Сұлтанда жалғастырамыз. 21 қаңтар күні ұлттық құрама спортшылары елордада жаттығу жиынын өткізеді. Бұл лицензиялық турнир алдындағы шешуші кезең. Сол кезде Қытайдағы лицензиялық турнирге кімдердің қатысатынын жария етеміз. 30 қаңтар күні Қытайға ұшып кетеміз", - деді бас бапкер.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер