Әлем футболы

Месси: Роналдумен бәсекелестігіміз тарихта мәңгі қалады

news-banner7
mobile-news-top

«Барселонаның» капитаны Лионель Месси «Реалдың» бұрынғы ойыншысы Криштиану Роналдумен болған бәсекелестік туралы айтты.

– Бұл ерекше бәсекелестік болатын. Біздің арамыздағы тартыс жанкүйерлердің есіне ұзақ қалатынына сенімдімін. Өйткені мұндай деңгейдегі бәсекелестікті осыншама уақыт бойы жоғалтпаудың өзі үлкен еңбек.

Оған қоса біз әлемнің ең мықты командалары – «Барселона» мен «Реалда» ойнадық. Біздің бәсекелестік тарихта мәңгі қалады деп ойлаймын», – деді Месси DAZN берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер