Қазақстандық файтер қытайлық спортшыдан нокаутпен жеңілді

Аралас жекпе-жек шебері Айдын Көдеков Мәскеуде қытайлық Шуо Вангтан нокаутпен жеңілді.
Аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек 11 қаңтарда Мәскеуде сингапурлік Rebel FC промоушенінің турнирінде өтті.
Ванг екінші раундта қазақстандықтың бауырынан тепкен<span> </span>- Көдеков нокаутқа түсті.
Осы кездесуден кейін 25 жастағы<span> </span>Вангтың еншісінде 11 жеңіс пен үш жеңіліс бар.
Ал шетелде алғаш рет жекпе-жек өткізген Көдеков мансабында екінші рет жеңіліп отыр, одан бөлек, спортшы алты рет жеңіске жеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или