Әскери мектеп оқушыларының жарысы өтті

Әскери мектеп оқушыларының жарысы өтті

Алматы маңында орналасқан «Арыстан» лицейінде футбол додасы өтті. Әскери оқу мектептерінің тәлімгерлері мен бірқатар кәсіпқой командалар бақ сынайтын жарыс жылда ұйымдастырылып келеді.

1997 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасындағы турнирге 16 команда қатысқан.

Олимпиадалық жүйе бойынша өткен бәсекенің финалына алаң иесі «Арыстан» командасы мен Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектеп-интернаттың оқушылары шықты. Ал үшінші орын үшін таласта ЦСКА командасы 5:3 есебімен Талғар қаласының жас футболшыларынан басым түсті.

«Арыстан» мектебінің оқушылары команданы жеңіске жетеледі. Қолдауды сезген футболшылар алғашқы таймда 2 гол соғып есеп бойынша алға шықты. Кездесудің екінші бөлігінде тағы екі гол соққан арыстандықтарға қарсыластары екі доппен мен жауап бере алды. Нәтижесінде 4:2 есебімен жеңіске жеткен «Арыстан» командасы кубокты көкке көтерді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или