Әлем футболы

Каталониялық дерби тең аяқталды

Каталониялық дерби тең аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Ла лиганың 19 тур аясында Эрнесто Вальверде шәкірттері сырт алаңда “Эспаньолға” қарсы кездесу өткізген болатын.

Бұл қос команда арасындағы каталониялық дербидегі 190-шы матч.

Алаң иелері сапынан алғашқы голды Давид Лопес соқты. Ал қонақтар сапынан Луис Суарес пен Артуро Видаль мергендіктерімен көзге түсті. Ойынның 75-ші минутында Френки Де Йонг қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Сан басымдығын ұтымды пайдалана алған алаң иелері 88-ші минутта есепті теңестірді.

Каталониялық дерби тарихында 41-ші рет тең есеп тіркелді.

“Барселона” каталониялық дербиде 106 рет жеңген. “Эспаньол” болса 190 кездесуде 43 рет жеңіс тойын тойлаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер