Қазақстандық велошабандоздарды көлік қағып кетті

Испаниядағы жаттығулардың бірінде қазақстандық «Astana Pro Team» командасының шабандоздарын көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
<span>Велокоманданың Twitter парақшасында жарияланғандай, оқиға салдарынан Евгений Гидич пен Вадим Пронский жарақат алған. Екі спортшы да ауруханаға жеткізілген. </span>
<span>Велокоманданың ұсынған ақпаратына сәйкес, Гидич ауыр жарақат алмай, аздап қолын зақымдаған. Ал Пронский болса, тізеден едәуір жарақат алған болуы керек. Сонымен бірге, дәрігерлерге спортшының иегін тігуге тура келген.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или