Сергей Морозов: Дәурен Ермеков жекпе-жекке жоспарды керемет орындады

Сергей Морозов: Дәурен Ермеков жекпе-жекке жоспарды керемет орындады

M-1 Global-дың жеңіл салмақ дәрежесіндегі қазіргі чемпионы, Arlan MMA Pro Team командасының жауынгері клубтың Инстаграмына берген сұхбатында Алматыдағы GFC 23 турнирі кезінде Дәурен Ермековке Артур Гусейновке қарсы орта салмақтағы GFC чемпионы атағы үшін жекпе-жек барысында қандай кеңес бергені, спортшы үшін қай сәт маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Біздің Arlan MMA Pro Team клубы үшінші белбеуді жеңіп алды. Бұл бүкіл ел үшін үлкен мереке. Дәурен де чемпиондық атаққа лайық. Мен Дәуреннің жекпе-жегі кезінде оған өз жоспарынан таймауға кеңес бердім. Ол бәрін керемет орындап шықты. 

Дәурен үшін алғашқы раундта қатты қобалжыдым. Себебі Артур Гусейновтың қарқыны бірінші раундта өте күшті болады. Оның үстіне нокаутшы. Күші тасып тұрған кезде, соққылары да қатты тиеді. Сосын екінші раундтың екінші жартысынан бастап шаршай бастайды. Функциональды дайындығы соған ғана жетеді. Сол жағынан осалдығы баршаға мәлім. Бірінші раундты Дәурен өз еншісіне жазған кезде арқамнан ауыр жүк түскендей болды. Ары қарай жекпе-жектің аяғына дейін жоспарды орындап шығу ғана қалды. 

Турнир кезінде бірнеше спортшыларымыз қарсыластарынан жеңіліп қалды. Әрине, өкінішті. Бірақ оларды сынның астына алмай, керісінше, қолдауға шақырамын. Себебі, жанкүйерлердің қолдауы өте маңызды. Жеңіске жетіп, беліне белбеу тақсаң бәрі сені алақанда аялады. Сүрінсең жанында санаулы жандар ғана қалады. Керісінше, жеңілген кезде спортшыға қолдау екі есе қажет. Сонда ғана спортшы айналасына қарап: "маған сенген сонша халық бар, менің жеңілуге құқым жоқ" деп өз-өзің қайрайды. Бұл - спортшыға керемет мотивация. 

Дәурен Ермеков: Шайқас майданына шыққанда екі есе жігерлене түстім

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или