Live
Спорттағы коронавирус
Футзал

Кака: Биыл бір рет қана жеңілдік

Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака Қазақстан Футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында 2019 жылғы футбол маусымын қорытындылай отыра, көшбасшы ойыншылардың жарақаттары туралы айтып, чемпионат деңгейінің өскенін атап өтті.

- Маусым өте тартысты болды. Қарсыластарымыздың барлығы мықты еді. Бір рет қана жеңілдік. Иран құрамасынан. Жоспарда болған кейбір жолдастық ойындарға қатыса алмадық. Ең бастысы халықаралық рейтингте өз орнымызды сақтап қалдық. Әрі қарай жоғарылауға әлеуетіміз жетеді. Алдағы уақытта Әлем Чемпионатының элиталық кезеңіне қатысамыз. Жеңіс үшін алға басу қажет. 

- Әлем Чемпионатының негізгі іріктеу турнирінің нәтижесі қанағаттандырады ма? 

- Жақсы нәтиже. Тобымызда бірінші орынды жеңіп алдық. Ұпайдан шашау шығарған жоқпыз. Үмітіміз ақталды.  

- Әлем Чемпионатының элиталық кезеңінің ойындары күтіп тұр. Қарсыластарға баға беріп өтсеңіз? 

- 23 қаңтар күні дайындықты бастаймыз. 31 қаңтар күні Чехияның Брно қаласына жол тартамыз. 2-5 ақпан аралығында үш ойын болады. Оқу-жаттығу жиынын алғаш рет Нұр-Сұлтан қаласында өткіземіз. Дайындық үшін қолайлы жағдай жасалған. Қарсыластарға тоқталсақ, Румыния құрамасымен іріктеудің алғашқы кезеңінде кездестік. Словения - лайықты қарсылық көрсете алатын еуропалық мықты ұжым. Чехия - алаң иелері. 

- Ұлттық құрама көшбасшылары Игита, Дуглас және Есенаманов жарақаттарынан қашан айығады? 

- Үшеуінің ойнамағанына бір ай болды. Соңғы ем шараларын жүргізіп жатыр. Қаңтар айында жаттығуды бастайды. Бабына қайта келіп, ұлттық құрамаға көмектесу үшін тура бір ай бар. 

- Футзалдан Қазақстан Чемпионатына «Атырау», «Каспий» және «Бәйтерек» командалары қосылды. Олардың ойындарына қандай баға бересіз? 

- Ел чемпионатының қатысушыларының санының артуы - жақсы көрсеткіш.  «Атырау» алғашқы ойынында тәжірибелі «Оқжетпес» командасын екі рет ұтты. «Каспийдің» өз алаңында өткізген ойынына 2 500 жанкүйер жиналды. Оралдың «Бәйтерегі» де ел чемпионатына қатысуға ниет білдірді.  Жақсы нәтиже көрсетуге ұмтылары анық. Қазақстан Чемпионатының деңгейі арта түспек. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0