Қостанайлық футболшылар «Былғары доп» турнирін жеңіспен бастады

Бірінші турда қазақстандықтар турнир қожайындары «Сочи» футбол клубын 3:2 есебімен жеңді.

Сайыс 12-20 қазан арасында өтеді. Мұнда Ресей, Абхазия, Әзірбайжан, Қазақстан, Молдова және Оңтүстік Осетия секілді алты мемлекеттен 10 команда қатысуда. Ойыншылардың орташа жасы – 12-13-те.

Қостанайдың жас футболшылары қазақстандық «Кока-кола Былғары доп» турнирінде топ жарғаннан кейін аталмыш сайысқа қатысуға мүмкіндік алды.

«Қостанай» «СОШ № 19» (Керчь, Ресей), «Нефтчи» (Баку, Әзірбайжан), «Рица» (Гудаута, Абхазия) және «Сочи» (Сочи, Ресей) клубтарымен Б тобында сынға түсіп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или