Қазақстан – Чехия 2:4. Жеңіске бергісіз жеңіліс

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Чехия командасын қабылдап, тең дәрежеде өткен теке-тіресте жеңіліп қалды.

Ойын бір қалыппен басталды. Қазақстан құрамасы қорғаныста қысымын ұлғайтып, Андрей Сидельниковке көп жұмыс жасатпады. Чехиялықтар басымдықты қолына алып, ойын тағдырын ертерек шешіп тастауға тырысты. Ал қазақстандықтар қанша ұмтылғанымен, Петр Чех иелігіне қауіп төндіре алмады. 13-минутта Чехия ойыншылары тоблодағы көрсеткішті өзгертті. Қорғаушылардан пас алған Боржек Дочкал допты тоқтатып алып, Сидельников қақпасының жақын бұрышын дәл көздеді. Қақпашымыз керіле секіргенімен, теңбіл доп саусағын жанай өтті. Бұған 16-минутта Сергей Хижниченко жауап қатты – қорғаушымен қарбаласып жүріп, допты Чех иелігіне аттандырған-ды, «Челсидің» қақпашысы сыр берген жоқ. Бұл ұмтылыстан кейін Юрий Красножан шәкірттері ұзақ уақыт бойы Петр Чехты іске араластыра алмады. Ал қонақтар қос қанат алқылы алма кезек шабуыл жасады. Алайда оның бәрі Сидельников иелігіне бағытталған соққылармен аяқталған жоқ. <o:p></o:p>

34-минутта чехиялықтар комбинациялық шабуылын голға айналдыра білді, абырой болғанда, шабуылшы ойыннан тыс қалған. Араға санаулы минуттар салып, қазақстандықтар есеп ашатын тамаша мүмкіндікке ие болды. Дмитрий Шомконың пасынан кейін жалғыз тұрған Сергей Хижниченко ұрымтал тұсқа шыққан болатын, соңғысы допты тоқтатып, асықпай нысанаға алғанымен Чех қақпасынан сәл қиыс кетті. 43-минутта Сергей Хижниченко мен Таңат Нөсербаев жұбы нәтиже алып келуге жақын болған, дегенмен Хижаның өкшесімен берген пасына Таңат жете алмады. Командалар үзіліске кетер тұста тоблодағы есеп өзгерді, біздің пайдамызға емес, өкінішке қарай. Айып алаңында қараусыз қалған Павел Кадержабек допты Давид Лафатаға қалдыра салды, соңғысы бос қалған қақпаны дәл көздеді – 0:2. <o:p></o:p>

Екінші кезеңді Қазақстан ойыншылары ерекше белсенділікпен бастады. 54-минутта «Ақтөбе» ойыншыларының дуэті әдемі ұмтылыс жасады. Дмитрий Мирошниченко Асхан Тағыбергенге тамаша пас қалдырған, ақтөбелік хавбек допты Чех иелігіне жіберген болатын – қиыс. Санаулы минуттан соң басқа бір ақтөбелік Юрий Логвиненко есеп айырмасын қысқартатын мүмкіндікке ие болды. Дмитрий Шомко екі қорғаушыны алдап, айып алаңына өте сала Логвиненкоға пас берді, соңғысы сәл ғана мүлт кетті. <o:p></o:p>

«Сен соқпасаң, саған соғады» деген футбол қағидасы бар. Осылайша чехтар қарымта шабуылды голға айналдырды. Оң қапталдан Дочкалдың асырған пасынан кейін Ладислав Крейчи қанжығасын майлады – 0:3. <o:p></o:p>

Тоблодағы көрсеткіш Қазақстан футболшыларының ойынын көрсете алмайтын. Бұл есепке қарамастан, қазақстандық жігіттер қаймықпай алға ұмтылды. Алдымен Тағыберген, кейін ойынға тыңнан қосылған Ұлан Қонысбаев мүмкіндікке ие болған. Артынша Бауыржан Исламхан да 30 метрден Чехтың қырағылығын тексеріп көрді. Дегенмен бұл ұмтылыстың бәрінде де біздің ойыншыларға дәлдік жетіспеді. 65-минутта Нөсербаевтың әуелеткен пасына бірінші секірген Хижниченко допты баспен қақпаға аттандырған – биік. 72-минутта Исламхан сол аяғымен айып алаңының сыртынан қарсыласының қақпасын нысанаға алды – Петр Чех орнында. 78-минутта қазақстандықтар тағы бір шабуылды желге ұшырды. Исламхан алаң ортасынан допты сол қапталдағы Шомкоға жеткізген, соңғысы айып алаңындағы Тағыбергенге қалдырды. Асхат тағы да бұл мүмкіндікті пайдалана алмады. <o:p></o:p>

84-минутта Қазақстан есеп айырмасын қысқартты. Голландия құрамасына қарсы кездесудегідей бұл жолы да бұрыштама доп нәтиже алып келді. Нұрғалиевтің әуелеткен добы чехиялық қорғаушыға тиіп Логвиненкоға жетті, Юрий қате жіберген жоқ. Төрт минуттан соң есеп айырмасы тағы да ұлғайды. Давид Лимберскидің пасынан кейін Томас Нецид қорғаушыдан айналып өтіп, командасының төртінші голын соқты. <o:p></o:p>

Төреші қосқан қосымша уақыт өтіп жатқан-ды. Тағы бір бұрыштама... Әуедегі допқа бірінші боп секірген Логвиненко дубль авторы атанды – 2:4. <o:p></o:p>

Қазақстан құрамасының ойыншылары әдемі, комбинациялы футбол көрсеткенімен, жеңіліп қалды. Команда ұпай олжалай алмаса да, жеңіске бергісіз ойын өткізді. <o:p></o:p>

Қазақстан – Чехия 2:4 (0:2)<o:p></o:p>

Голдар: 0:1 – Дочкал 13, 0:2 – Лафата 44, 0:3 – Крейчи 56, 1:3 – Логвиненко 84, 1:4 – Нецид 88, 2:4 – Логвиненко 90+1 <o:p></o:p>

Қазақстан: Сидельников, Воротников, Абдулин, Карпович (Қонысбаев 58), Исламхан, Тағыберген, Мирошниченко (Бейсебеков 83), Нөсербаев, Шомко, Хижниченко (Нұрғалиев 70), Логвиненко. <o:p></o:p>

Чехия: Чех, Кадержабек, Кадлец, Сивок (Прохазка 81), Лимберски, Дочкал, Коларж, Ваха, Крейчи (Пиларж 69), Дарида, Лафата (Нецид 79). <o:p></o:p>

Ескертулер: Тағыберген 27, Нөсербаев 53, Шомко 76 – Коларж 31 <o:p></o:p>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или