Футзал

«Қайрат» футзал клубы Академия кубогы туринрін өткізді

«Қайрат» футзал клубы Академия кубогы туринрін өткізді
news-banner7
mobile-news-top

22 желтоқсанда алматылық «Қайрат» футзал клубының спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қайрат» футзал академиясының кубогына арналған жыл сайынғы дәстүрлі турнир өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирге жеті жастан үлкен ойыншылардан тұратын төрт команда қатысты: Джейран U7, Қайрат U7, АФК «Қайрат-2 U7», «Қайрат U7» ФК (Момышұлы филиалы).

Ойындар өте тартысты өтті

Турнир нәтижесінде командалардың бәрі марапатқа ие болды. «Қайрат» академиясының бас жаттықтырушысы Семен Палагутин, академия жаттықтырушылары: құрметті спорт шеберлері Александр Бондарев және Юрий Найдовскилер құттықтау сөздерін сөйледі.

Турнир фестиваль форматында өтті және жеңімпаздар мен жеңілгендер анықталмады. Есесіне барлық қатысушыларға естелік медальдар мен жаңа жылдық тәтті сыйлықтар тапсырылды. Сондай-ақ әртүрлі номинациялар бойынша үздік ойыншылар Қайраттың арнайы сыйлықтарымен марапатталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер