Әлем футболы

Неге «Ювентус» ойыншыларының есімдері жейделеріне арабша жазылатын болды

Неге «Ювентус» ойыншыларының есімдері жейделеріне арабша жазылатын болды
news-banner7
mobile-news-top

Туриндік «Ювентус» Сауд Арабиясы астанасы Эр-Риядта өтетін Италия Суперкубогына арнайы жейде тіктірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ювентус» ойыншыларының есімдері жейдеге араб әріптерімен жазылса, нөмірлер өрме жазумен көмкеріледі. Бұл форма саудия-марокколық каллиграфия суретшісі Шакер Қашғаримен бірлесе отырып жасалды.

Италия Суперкубогы матчы 22 желтоқсан күні «Ювентус» пен «Интер» арасында «Кинг Сауд» стадионында өтеді.

Еске сала кетелік, өткен маусымда А сериясының жеңімпазы атанған «Ювентус» пен Италия кубогын жеңіп алған «Лацио» Суперкубокқа таласуға мүмкіндік алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер