Футзал

«Қайрат» - «Жетісу» кездесуіне бейнешолу

«Қайрат» - «Жетісу» кездесуіне бейнешолу
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан кубогы мәресіне жетті. Финалда «Жетісуды» жеңген «Қайрат» кубок иегері атанды, деп жазады Prosports.kz.

Аса тартысты финалдық кездесудің қорытынды есебі 4:3 болды. Алматылық «Қайрат» Талдықорғанның «Жетісу» командаcын жеңіп, чемпион атанды.

Кубок ойындары 15 қыркүйекте басталған. Турнирге барлығы 16 команда қатысты. Алғашқы кезеңнің матчтары Атырауда өтсе, ширек финал және жартылай финал ойындары қатысушылардың алаңдарында өтті.

Ал елордада өткен финалдық матчта жеті бірдей гол соғылды. Оның үстіне ойын соңғы секундтарға дейін интригасын жоғалытқан жоқ.

Назарларыңызға осы ойынның үздік сәттерінен видеошолу ұсынамыз.

Футзал. Қазақстан Республикасының Кубогы. Финал.

«Қайрат» (Алматы) - «Жетісу» (Талдықорған) - 4:3 (2:0)

Голдар: Тайеби, 7; Нұрғожин, 11; Диего, 24; Оразов, 29 - Эвертон, 22, 34; Т. Балтабаев 25

18.12.2019. Нұр-Сұлтан, «Сайран Арена».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер