Футзал

Қазақстан Кубогы финалының тікелей трансляциясы

Қазақстан Кубогы финалының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында футзалдан Қазақстан Кубогының 2019 жылғы жеңімпазы анықталады, деп жазады Prosports.kz.

Финалдық матчта алматылық «Қайрат» пен Талдықорғанның «Жетісу» командалары кездеседі.

«Қайрат» командасы кездесудің фавориті саналғанымен, кубок матчтары тосынсыйларға толы болады. Бұл тұрғыда алысқа бармай-ақ өткен жылы Қазақстан кубогында «Қайрат» футзал клубының «Ақтөбеге» есе жібергенін еске алуға болады.

«Қайрат» пен «Жетісу» арасындағы Қазақстан Кубогының финалдық матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:20-да басталады. Ойынды МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы тікелей эфирде көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер