Ибрагим Афеллай: «Гол мен нәтижелі пас өзіме деген сенімді қайта оятты»

Ибрагим Афеллай: «Гол мен нәтижелі пас өзіме деген сенімді қайта оятты»

Грекиялық «Олимпиакос» пен Нидерланд құрамасының жартылайқорғаушысы Ибрагим Афеллай Еуро-2016 іріктеу кезеңіндегі Қазақстанға қарсы кездесуде жеңіске жеткендері үшін қуанышты екенін білдірді.

Айта кетейік, екі жыл үзілістен кейін қайта Голландия құрамасына шақырылғаннан кейін, Аффелай бір гол және нәтижелі паспен көзге түсті.

«Ұлттық құрамада екі жылға жуық ойнамағаным өмірімдегі қиын кездердің бірі болды және бүгінгі гол мен нәтижелі пас бергенім өзіме деген сенімділікті арттырды. Ойын кезінде бұл аса маңызды деп ойламаған едім, бірақ матч біткеннен кейін бұның ойындағы ең маңызды мүмкіндік болғанын түсіндім» - деді Аффеллай.

Естеріңізге сала кетейік, Нидерланд пен Қазақстан құрамалары арасындағы кездесу 3:1 есебімен «қызғалдақтар елінің» пайдасына шешілді. Ибрагим Афеллай бір гол мен нәтижелі пастың авторы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или