Юрий Красножан: «Әлі де көп жұмыстар атқару керек»

Юрий Красножан: «Әлі де көп жұмыстар атқару керек»

Нидерланд командасына қарсы кездесуден кейінгі баспасөз-мәслихатында Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Красножан ойыншыларына көңілі толатындығын айтты.

- Нидерланд құрамасын лайықты жеңісімен құттықтаймын. Олар керемет ойын өрнегін көрсетті. Ал біз нағыз жігерлік таныттық. Ойын нәтижесіндей, бізге әлі де көп жұмыстар атқару керек. Құрамамыз бірдей болғанның өзінде мүмкіндігініміз аз еді, он футболшымен қалғанда жағдайымыз тіпті нашарлап кетті. Көрермендерге де алғысым шексіз.

- Төреші жайында не айтасыз және біздің құрамадағы матчтың үздік ойыншысы кім болды?

- Қазылық жайында пікір айту менің ісім емес. Ал біздің командада бүгін ең үздік ойын көрсеткен – Мокин.

- Үзіліс кезінде ойыншыларға не дедіңіз?

- Біз алаңдағы жұмысымызды сараптадық. Шомко дер кезінде Сүйінбаевқа көмектеспеді. Бұдан бөлек тағы бір екі қателік орын алды. Кейбір кезде қорғаушыларымыз екінші қабатта сәтсіз ойнап жатты, сондықтан екінші таймда допты өз қақпамыздан барынша алыста ұстағымыз келді.

- Дмитренконың жарақаты ауыр ма?

- Аяғының балтырын жарақаттап алыпты, қаншалықты ауыр екендігі медициналық тексерістен кейін белгілі болады.

- Не себепті Карповичті ауыстырдыңыз?

- Себебі, оның бүгінгі физикалық дайындығы осыған ғана жетеді. Ол алаңда 60 минуттай ойнайды деп жоспарлағанбыз, солай болыды да.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или