Велоспорт

«Астана» жаңа маусымға арналған құрамын таныстырды

«Астана» жаңа маусымға арналған құрамын таныстырды
news-banner7
mobile-news-top

Кеше, 14 желтоқсанда Astana Pro Team велоклубы Испанияның Кальп қаласында маусым алдындағы ресми таныстырылымын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жобаның демеушілері мен серіктестері, сондай-ақ ұлттық және халықаралық БАҚ өкілдері қатысқан тұсаукесерге команданың 28 шабандозының 27-сі келді. Ал Артем Захаров бұл күндері Аустралияда тректегі велоспорттан әлем кубогына қатысып жатқандықтан шараға келе алмады.

2020 жылы «Aстана» командасы сапында 28 шабандоз өнер көрсетеді:

Алекс Аранбуру (Испания), Жандос Бижігітов (Қазақстан), Мануэле Боаро (Италия), Эрнандо Бооркес (Колумбия), Родриго Контрерас (Колумбия), Лауренс Де Вриз (Бельгия), Фабио Феллине (Италия), Даниил Фоминых (Қазақстан), Омар Фраиле (Испания), Якоб Фульсанг (Дания), Евгений Гидич (Қазақстан), Йонас Грегаард Вилсли (Дания), Дмитрий Груздев (Қазақстан), Уго Уль (Канада), Йон Исагирре (Испания), Горка Исагирре (Испания), Мигель Анхель Лопес (Колумбия), Алексей Луценко (Қазақстан), Давиде Мартинелли (Италия), Мерхави Кудус (Эритрея), Юрий Натаров (Қазақстан), Вадим Пронский (Қазақстан), Оскар Родригес (Испания), Луис Леон Санчес (Испания), Никита Стальнов (Қазақстан), Харольд Техада (Колумбия), Александр Власов (Ресей), Артем Захаров (Қазақстан).

Бұған дейін команданың жаңа маусымға арналған жарыс формасын таныстырғанын жазған едік.

«Астана» маусым алдындағы жаттығу жиынын Кальп қаласында өткізуде

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер