«Қайрат» - ел кубогының жартылай финалында

Алматылық «Қайрат» жаңаөзендік «Мұнайшыны» ұтып, жартылай финалға жолдама алды.

Ойынның тағдыры бірінші таймда-ақ шешіліп тасталды. 6-шы минутта Диваней мен Серік Жаманқұлов соққан голдардың арқасында «Қайрат» жылдам есепте басымдықты қолына алды. 13-минутта Диваней дубль жасап, командасының үшінші голын соқты, араға екі минут салып Лео есепті 4:0-ге жеткізді. Ұжымдар үзіліске кетер тұста ғана Виталий Скорый «Мұнайшының» бұл кездесудегі жалғыз голын соқты.

Екінші таймда командалар тоблодағы көрсеткішті өзгерте алған жоқ.

«Мұнайшы» — «Қайрат» 1:4 (1:4)

Голдар: Скорый 20 — Диваней 6, 13, Жаманқұлов 6, Лео 15

Төрешілер: Борисов (Рудный), Галаев (Қостанай)

10.10.2014. Қарағанды. «Тұлпар». 100 көрермен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или