Футзал

«Қайрат» футзал клубы Қазақстан кубогының финалына жолдама алды

«Қайрат» футзал клубы Қазақстан кубогының финалына жолдама алды
news-banner7
mobile-news-top

13 желтоқсан күні алматылық «Қайрат» футзал клубының базасында футзалдан ҚР Кубогының жартылай финалы өтті. Қарымта матчта алматылықтар «Ақтөбе» командасынан басым түсті, деп жазады Prosports.kz Afckairat.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы матч «Қайраттың» пайдасына (4:3) шешілген болатын.

Екінші ойында да жеті гол соғылды. Кака шәкірттері 6:1 есебімен жеңіске жетті. Біржан Оразов, Альберт Ақбалықов, Нұрсұлтан Пиялы, Эдсондар көзге түссе, Дәурен Тұрсагұлов, дубль жасады.

Сондай-ақ бүгінгі матчта «Қайрат» футзал клубы академиясының түлегі Әбдірасул Әбдіманапұлы алғаш рет алаңға шықты.

«Қайрат» ҚР Кубогының финалында рудныйлық «Аяттан» айласын асырған талдықорғандық «Жетісумен» кездеседі.

Шешуші матч 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтанда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер