Магомед Парагульгов «Қайраттан» кетті

Магомед Парагульгов «Қайраттан» кетті
news-banner7
mobile-news-top

Жартылай қорғаушы Магомед Парагульгов «Қайраттан» кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Алматылық клубтың тәрбиеленушісі өз еркімен команда сапынан кетті. «Қайрат» басшылығы Парагульговты еркін агент ретінде жіберді.

Айта кетейік, Магомед «Қайрат» сапына 2012 жылы келді. Футболшы Қазақстан құрамасына шақырту да алған болатын.

Парагульгов тәжіребие алмасу барысында «Ертіс» сапында да ойнады. Павлодарда жартылай қорғаушы ҚПЛ турларының 24 кездесуіне қатысты. Қазақстан Кубогы ширек финалы аясында Магомед «Қайсарға» (2:1) қарсы ойында гол соққан болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер