Футзал

Футзалдан ҚР чемпионаты: «Қайрат» «Аятты» ұтты

Футзалдан ҚР чемпионаты: «Қайрат» «Аятты» ұтты
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайрат» футзалдан ҚР чемпионаты 8-туры аясында рудныйлық «Аятпен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Матч 4:5 есебімен алматылық клубтың пайдасына шешілді. «Қайрат» сапынан Альберт Акбаликов, Біржан Оразов, Эдсон, Дәурен Нұрғожин және Хоссейн Тайеби гол соқты.

«Қайрат» турнирлік кестеде 11 ұпаймен көш бастап келеді. «Аят» 10 ұпаймен екінші орынға жайғасқан.

Футзалдан Қазақстан чемпионаты 2019/20. 8-тур

«Аят» - «Қайрат» 4:5 (2:2, 2:3)

8 желтоқсан. Рудный , «Аят-Арена» СК.

Айта кетейік, кешегі матч тең есеппен аяқталған болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер