Артем Захаров тректегі велоспорттан әлем кубогында қола жүлдегер атанды
<span>Жаңа Зеландияда тректегі велоспорттан әлем кубогs кезеңі өтіп жатыр. Кезекті жарыс күнінде қазақстандық Артем Захаров жеңіс тұғырынан көрінді. </span>
<span>Қазақстан командасының үздігі, Токио Олимпиадасының жолдамасынан үмітті Захаров «омниумда» бақ сынап, қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл медаль Артемнің олимпиадалық рейтингтегі ұпайларын арттыруға көмектесері сөзсіз. </span>
<span>Айта кетелік, әлем кубогі кезеңдерінде жинаған ұпай арқылы спортшыларға Токио Олимпиадасының жолдамасы беріледі. Артем Захаров бұған дейін кубоктік кезеңде жетінші орыннан көрінген болатын. </span>
<span>Бірінші орынды Жаңа Зеландия өкілі Стюарт Кэмбелл, екінші орынды австралиялық Кэмерон Майер иеленді. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или