Студенттер ұлттық лигасы басталды
<p style="text-align: justify;">
<strong>Кеше Астана және Алматы қалаларында Студенттер Ұлттық Лигасының (СҰЛ) чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Қазанның 4-і күні Назарбаев Университетінің спорт кешенінде турнирдің салтанатты ашылу салтанаты өтті. Доданың негізгі мақсаты - студент жастарды тарту арқылы Қазақстанда салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық футболды дамыту жайлы мемлекет саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру.</p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 24 шілдесінде бұқаралық футболды дамыту мен насихаттау мақсатында Қазақстан футбол федерациясы мен ҚР Білім және ғылым министрілігі Ынтымақтастық меморандумына қол қойып, Студенттер ұлттық лигасын құрған болатын.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или