Полторанин 4 жылға спорттан шеттетіледі
FIS қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанинді спорттан шеттетуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Естеріңізде болса, биыл жыл басында Австрияның Зеефельд қаласында әлем чемпионатына қатысып жатқан қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин допинг дауына ұшыраған болатын.
Ұзаққа сзылған тергеуден кейін FIS қазақстандықтың кінәсі дәлелденгенін мәлімдеді. Соған сай спортшы 4 жылға спорттан шеттетіледі.
«Біз жағдайды мұқият анықтадық», - деді FIS бас хатшысы Сара Льюис.
Айта кетейік, допингке қарсы ережелерді бұзды деген күдікке іліккен Полторанин тағылған айыпты мойындамады. Бірақ ә<span>лем чемпионатында алғаш рет тыйым салынған әдісті қолданып көрмекші болғанын мойындады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или