Қысқы

Допинг дауына іліккен Полторанин мәлімдеме жасады

news-banner7
mobile-news-top

Алексей Полторанин допинг дауынан кейін үнсіздігін тоқтатып, таяудағы жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Өмірімде ешқашан да допинг қолданған емеспін. Әлем чемпионатында алғаш рет тыйым салынған әдісті қолданып көрмек ой туындады. Алайда, құдайға шүкір олай жасамадым. Сол үшін қатты қуаныштымын. Мен елге жеңіс әкеліп, жанкүйерді қуантқым келді. Мұндай оқиға болғаны үшін қатты өкінемін. Барша спортшылардан, спорт сүйер қауым, мемлекет басшылығынан және халықтан кешірім сұраймын" , - деді Полтаранин.

Еске сала кетейік, Алексей Полтораниннің әлем чемпионатының алдында ұсталғаны хабарланған болатын. Допинг дауына ілінген шаңғышы жарыстан да шеттетілген еді.

Түпнұсқасы: KAZ.NUR.KZ.  Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер