Қысқы

Алексей Полторанин допинг тексерісі кезінде ұсталды

Алексей Полторанин допинг тексерісі кезінде ұсталды
news-banner7
mobile-news-top

Австриялық полиция шаңғы жарысынан әлем чемпионаты өтіп жатқан Австрияның Зефельд қаласындағы допингке қарсы рейд кезінде тоғыз адамды ұстады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ведомствоның ресми мәлімдемесіне сүйенсек, ұсталғандардың бесеуі спортшы. Оның ішінде Австрия мен Эстониядан екіден, ал Қазақстаннан бір спортшы бар.

Тексерісті Германия және Австрия полициясы жүргізді. Мақсаты халықаралық допинг желісін анықтау болатын.
Сонымен қатар, рейд Германияның Эрфуртында да өтті. Тоғыз үйде іздеу жүргізіліп, екі адам ұсталды, олардың біреуі спорттық дәрігер.

Неміс журналисі Хайо Зеппельт Twitter желісінде әлем чемпионатына қатысып жатқан Австрия, Эстония және Қазақстанның бірнеше спортшысы допингке қарсы ережелерді бұзған деген күдікке іліккенін жазды.

Бұған қоса, ресейлік комментатор Дмитрий Губерниев ұсталғандар арасында Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Алексей Полторанин бар екенін айтады. Ол классикалық стильде 15 шақырымдық жарысқа қатыспаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер