«Eurosport» «Алматы туры-2014» додасын көрсетеді
<p style="text-align: justify;">
<strong>5 қазан күні өтетін «Алматы туры-2014» веложарысы әлемдегі ең ірі спорттық арналардың бірі «Eurosport-тың» тікелей эфирінде көрсетіледі, деп хабарлайды todаy.kz.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында аталмыш жарысты ұйымдастырушылардың бірі, «Қазақстандық спорт технологиялары» компаниясының бас директоры Арнұр Ыбраев мәлім етті.</p>
<p style="text-align: justify;">
Оның айтуынша, жарыс бойынша «Eurosport» телеарнасынан 5 қазан күні күндіз 12 сағат 55 минуттан бастап, 13 сағат 55 минутқа дейін тікелей эфирде трансляция жүргізіледі. Комментаторлық қызметті «Eurosport» арнасының белгілі комментаторы Сергей Курдюков атқарады.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или