Пулпис: «Ендігі міндет – өткен ойынды тезірек ұмыту»

Назарларыңызға әлем суперкубогының қола жүлдесіне талас матчынан кейінгі «Интелли» мен «Чонбури» бас бапкерлерінің қатысуымен болған баспасөз мәслихатын ұсынамыз.

Цидау, «Интелли» клубының бас бапкері:

– Мұндай матчтарда ойыншыларға дем беру ету өте қиын, десек те, бұл менің қолымнан келді. Менің футболшыларым кешегі кездесуден кейін өте бақытсыз болып көрінген еді, ал бүгін команда өз ойынын таба алды. Дегенмен матчтың басы ойыншыларым үшін қиынға соқты.

Турнирдің басында командалардың барлығыда жоғары деңгейлі клубтар болып көрінді. Өкінішке қарай, бүгін «Чонбури» өз ойынын көрсете алмады. Дегенмен оларды құттықтағым келеді, матч бойы ойын тәртібін, «фейр плэй» ережесін бұзбай ойнады.

Пулпис, «Чонбури» клубының бас бапкері:

– Бүгін біз сәтті ойын өрнегін көрсете алмадық, бұған бірнеше себебіміз де бар. Ең алдымен, негізгі үш ойыншымыздың болмауы. Оған қоса, футболшылардың шаршағаны да бар. «Интелли» бүгін өз мүмкіндігінің 30 пайызын ғана көрсете алды, ал біз 200 пайызға жанымызды салып ойнауымыз керек болды. Ендігі міндет – өткен ойынды тезірек ұмыту.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или