Футзал

«Қайраттың» ойындарын тамашалауға қанша көрермен келді

«Қайраттың» ойындарын тамашалауға қанша көрермен келді
news-banner7
mobile-news-top

21-24 қараша аралығында Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында УЕФА Чемпиондар Лигасы элиталық кезеңінің C тобындағы ойындары өтті, деп жазады Prosports.kz.

C тобында алматылық «Қайрат», «Бенфика» (Португалия), «Эль Посо» (Испания) және «Песаро» (Италия) командалары өнер көрсетті.

Отандық басылымдардың жазуынша, осы турнирде «Қайраттың» қатысуымен өткен үш ойынды тамашалауға 6 040 көрермен келген.

Ең көп көрермен жинаған ойын «Қайрат» - «Бенфика» кездесуі болды. Бұл матчқа 3 100 көрермен келген екен. Ал «Эль-Посомен» ойынға 1 540, «Песароға» қарсы ойынға 1 400 жанкүйер жиналған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер