«Интелли» - «Чонбури» 9:1. Бразилиялықтар шеберлік сабағын өткізді

«Интелли» - «Чонбури» 9:1. Бразилиялықтар шеберлік сабағын өткізді

Әлем суперкубогының жартылай финалында жолдары болмаған бразилиялық «Интелли» мен таиландтық «Чонбури» өзара үшінші орынға таласты. Нәтижесінде былтырғы Құрлықаралық кубоктың қола жүлдегерлері биыл да сол тұғырдан көрінді.

Кездесу «Интелли» ойыншылары үшін сәтті басталды. Ә дегеннен ойынды өз қолдарына алған бразилиялықтар матчтың алғашқы минутында Кайудің көмегімен есеп ашты. Ойын тағдырын ерте шешуді көздесе керек, бұл голдан кейін де Цидау шәкірттері шабуылдарын тоқтатқан жоқ. Өз кезегінде «Чонбури» футболшылары ұзақ уақыт бойы орландиялықтардың қақпасын мазалай алмады. Көп ұзамай «Интелли» басымдығын ұзартты – 2:0, бұл жолы Маринью көзге түсті. 9-минутта бразилиялықтар есеп айырмасын үш голға дейін ұзарта алды.

12-минутта «Интелли» ойыншыларының қателігінен кейін тайландтық Джирауей Сорнвичиан бос қақпаны дәл нысаналай алмады. Бұл Хосе Мария Мендес шәкірттерінің бүгінгі ойындағы ең айтулы шабуылы болатын. Есесіне 14-минутта «Интелли» Жексон голының арқасында тоблодағы көрсеткішті 4:0-ге жеткізді. Араға төрт минут салып, командалар арасындағы есеп бес голға ұзарды. Кабреуваның еншісінде - дубль.

Үзілістен кейін «Интелли» ойыншылары Тирауей Кхумариянг қақпасына екі минутта қос гол соғып, есепті 7:0-ге жеткізді. Қанша тырысып баққанымен таиландтықтардың шабуылда ісі өнбеді. Азия чемпиондары әлем мықтыларының қарқынына төтеп бере алмаған сыңайлы. Ал ойынның алғашқы бөлігінде-ақ айқын басымдыққа ие болған Оңтүстік Америка өкілдері қалған уақытта көрермендерге әдемі дә әсерлі футбол көрсетумен болды. Бұған «Чонбури» ойыншылары да қарсылық көрсеткен жоқ. 34-минутта «Интелли» айналдырған 15 секундтың ішінде Кхумариянг қақпасын екі рет дәл көздеді – 9:0. 36-минутта азиялықтарға «Интелли» ойыншыларының өздері көмекке келді – әуедегі допты бразилиялықтар өз қақпасына тоғытып, «Чонбуридің» пайдасына бір гол соғып берді. Бұл автоголдың авторы Кайу болатын. Осылайша қорытынды есеп – 9:1.

«Интелли» (Бразилия) — «Чонбури» (Таиланд) 9:1 (5:0)
Голдар: Кайу 1 (1:0), Маринью 8 (2:0), Кабреува 10 (3:0), Жексон 14 (4:0), Кабреува 18 (5:0), Диегинью 21 (6:0), Гадея 22 (7:0), Диес 33 (8:0), Кабреува 34 (9:0), Кайу 37-автогол (9:1)
Төрешілер: Хеных (Чехия), Қосмұхамбетов (Қазақстан)
03.10.2014. Алматы. Балуан шолақ атындағы спорт сарайы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или