Футзал

Чемпиондар лигасының Төрттік финалына шыққан командалар белгілі

news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының Төрттік финалына қатысатын барлық команда анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

2019/20 жылғы Төрттік финалға: КПРФ, «Тюмень», «Эль-Посо» және «Барселона» командалары қатысады.

Айта кетерлігі, ресейлік қос команда турнирдің бұл кезеңіне алғаш рет қатысқалы отыр. Ал «Эль-Посо» 2008 жылдан бері алғаш рет Төрттік финалға жолдама алды. Испанияның тағы бір өкілі «Барселона» болса жетінші мәрте ақтық сында өнер көрсетпек. Бұл көрсеткіш бойынша каталониялық клуб Төрттік финалда сегіз рет бақ сынаған «Қайраттан» ғана кейін қалып тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер