«Қайрат» — әлем Суперкубогының финалына шықты

Алматы қаласында өтіп жатқан футзалдан әлем Суперкубогында алматылық «Қайрат» пен таиландтық «Чонбури» командалары кездесті.

Алаң иелері матч басталысымен басымдыққа ие болды. Бірнеше мәрте қарсылас қақпасына соққы бағыттағанымен ешқайсысы нәтижелі болмады. Ойынның 9-шы минутында «Қайрат» ойыншысы Игор алыстан қақпаның жақын бұрышын дәл көздеді. Алаң иелері толықтай терреториялық басымдыққа ие болды. Жуан мен Леоның жойқын шабуылдары Ханкампаның әбден мазасын алды. Азия чемпиондары намысты бермеді, біраз уақыттан Туэнкланг кейін таразы басын теңестіріп кетті. Игита жойқын соққыны қайтарғанымен, екінші мәрте Вонкяоның тепкен добын ұстай алмады. Бірінші кезең аяқталуына 8 минут қалғанда Жоан айыпдобын тамаша орындап, командасын есепте алға шығарды.

Екінші таймда бірден шабуылға шыққан алаң иелері есептегі басымдықты еселеді. Карио таиландтық қорғаушылардан сытылып өтіп, қақпаның «тоғыздығын» тура дәлдеді. Осыдан кейін де «Қайрат» футболшыларының гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болды. Бірде Жуанның соққысы қақпашы қайтарса, енді бірде Жеге дәлдік жетіспеді. Бұдан кейін ойын біршама бәсеңдеп қалды. Тек кездесудің орта шенінде қос команда ойыншыларының жүйкесі біраз сыр бере бастады. Осы сәттің бірінді екі жақ футболшылары қақтығысып қалып, алаңнан екі бірдей ойыншы қуылды: бірі «Чонбури» қақпашысы Ханкампа болса, екіншісі «Қайрат» футболшысы Карио. Матчтың аяқталуына 4 минут қалғанда «Қайрат» футболшылары 4-ші голын соқты. «Чонбури» қақпасына белгіленген 11 метрлік айыпдобынан Лео мүлт кетпеді. Алайда алматылық жанкүйерлердің қуанышы ұзаққа бармады. Хосе Мария Мендездің шәкірттері есеп айырмасын қысқартты. Бұл жолы қонақтар сапынан Чаэмчерон көзге түсті. Соңғы минуттарда алаңға қақпашының орнына алтыншы ойышыны шығарған таиландтықтар бұл ісінен нәтиже шығара алмады. Тіпті, «Қайрат» футболшысы Алешандре гол соғып кете жаздады, алайда оның тепкен добы қақпа бағанасынан кері қайтты. Матчтың бітуіне санаулы секундтар қалғанда алаң иелері қос бірдей гол соқты қарсылас қақпасына. Біріншісінде команда капитаны Дінмұхаммед Сүлейменов бос қақпаны дәл көздесе, екіншісінде Алешандро «Чонбури» қақпашысы Хуммарианнан айласын асырып кетті.

Осылайша, алматылық клуб сенімді түрде финалға шықты. Енді ертен олар Суперкубок үшін ресейлік «Динамомен» күш сынасады.

«Қайрат» (Қазақстан, Алматы) — «Чонбури» (Таиланд) 6:2 (2:1)

Голдар: Игор (1:0), Туэнкланг (1:1), Жоан (2:1), Кайо (3:1), Лео (4:1), Чаэмчерон (4:2), Сүлейменов (5:2), Алешандре (6:2)

«Қайрат»: Игита, Жоан, Дуглас, Алешандре, Же, Сулейменов, Лео, Игор, Кайо, Диваней, Смаков, Жаманкулов, Маркао, Першин

«Чонбури»: Ханкампа, Лертчай,Санаторн, Критсада, Жирават, Супхавут, Джайпех, Венансио, Туэнкланг

Төреші: Карел Хених (Чехия)

2 қазан 2014 жыл. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или