Рамиз Мұқанов: «Тәртіп пен жігерлік басты назарда»

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-19) жартылай қорғаушысы Рамиз Мұқанов ҚФФ тілшісіне сұхбат берді.

- Бірінші ойынды әлемдегі азулы командалардың бірі – Германияға қарсы өткізесіздер. Психологиялық тұрғыда бұл матчқа дайынсыздар ма?

- Кез-келген командамен терезесі тең дәрежеде ойнауға болады. Тәртіпке және жігерлікке зор көңіл бөлініп жатыр. Сондықтан, немістерге қарсы ойында тіземіздің қалтырамайтыны анық.

- Германия құрамасын таңғалдыра аламыз ба?

- Ойлап қойған бірнеше тәсілдеріміз бар. Соларды жүзеге асыруға тырысамыз. Әлбетте, бірінші таймда қорғанысқа көңіл бөлеміз.

- Жалпы, Ригадағы іріктеу додасында бізді не күтіп тұр деп ойлайсың?

- Төрт ұпай еншілеуге шамамыз жетеді. Ол үшін Латвияны жеңіп, Аустрия немесе Германиямен тең түсуіміз керек. Әлбетте, әр матч сайын алаңда бар күшімізді салып, тек жеңіс үшін ойнауға тырысамыз. Кеше бізг Чемпиондар лигасының аясындағы ЦСКА –«Бавария» кездесуінің бірінші таймын тамашалауға рұқсат етті. Әскерилерде немістерден ұпай алып қоюға жақсы мүмкіндігі болды. Бізде де Германияға қарсы ойында гол соғатын мүмкіндіктер болады. Соларды мүлт жібермеу қажет. Ригада бізді өз құрдастарымыз күтіп тұр. Біз олардан еш кем емеспіз. Отанымыз үшін отқа түсуге әзірміз.

Естеріңізге сала кетейік, қазанның 9-ы мен 14-і аралығында Латвия астанасында «Еуро-2015» іріктеу додасы өтіп, онда Қазақстан жасөспірімдері Германия, Аустрия және Латвия командаларына қарсы ойнайды.

kff.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или