Михаил Соловьев: «Бар ойымыз – қарсыласымыз Германияда»

Михаил Соловьев: «Бар ойымыз – қарсыласымыз Германияда»

«Еуро-2015» іріктеу додасының ойындарына жаттығуларын бастап кеткен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-19) бүгінде Талғардағы базада дайындықтарын пысықтауда.

Қазанның 1-і күні таңертеңгі жаттығудан кейін Қазақстан футбол федерациясының тілшілері жасөспірімдер құрамасының (U-19) аға бапкері Михаил Соловьевпен сұхбаттасқан еді.

- Іріктеу додасында бізбен бір топқа түскен командалардың қаншалықты қарымды екендіктерін футболшылардың барлығы да жақсы түсінеді, - деп бастады Михаил Соловьев. – Германияның өзі не тұрады. Ал өз алдымызға біз келесі себетке өту үшін неғұрлым көп ұпай жинауымыз керек деген мақсат қойдық. Енді қазанның 4-і күні екі командаға бөлініп спаррингтік матч өткіземіз де Ригадағы іріктеу додасында өнер көрсететін негізгі құрамды іріктейміз. Жалпы, күніне екі реттен жаттығу жүргізіп жатырмыз. Барлығы да жұмыс жағдайында жүріп жатыр.

- Санкт-Петербургте өткен Гранаткин мемориалында латыштармен кездескенсіздер. Бұл командадан ұпай алуға шамамыз жете ме?

- Біз Латвия құрамасының жайын жақсы түсінеміз. Дегенмен, қазіргі бар ойымыз – алғашқы кездесудегі қарсыласымыз Германияда.

- Шәкірттеріңіздің дайындықтары жайлы не айтасыз?

- Жігіттердің ойын дайындықтары жақсы. Іріктеу ойындарына дайындықтары да жоғары дәрежеде. Бәрі де зор ынтамен жаттығып жүр. Ешкімге де мін таға алмаймын.

- Оқу-жаттығу жиынының Талғардағы базада өтіп жатқаны қаншалықты маңызды?

- Мұнда футболшыларға жасалған жағдай өте керемет, бәрі де үйдегі жағдай секілді. Ешкім де жаттығуымызға кедергі келтіріп жатқан жоқ. Бір сөзбен айтқанда, алдағы ойындарға дайындалу үшін барлық жағдай жасалған.

Естеріңізге сала кетейік, қазанның 7-сі күні Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Ригаға ұшады. Ал қазанның 9-ы мен 14-і аралығында Латвия астанасында «Еуро-2015» іріктеу додасы өтіп, онда Қазақстан жасөспірімдері Германия, Аустрия және Латвия командаларына қарсы ойнайды.

kff.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или