Футзал

«Қайрат» пен «Аяттың» ойындарының тікелей трансляциясы

«Қайрат» пен «Аяттың» ойындарының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін қазақстандық қос команда футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы элиталық кезеңіндегі ойындарын бастайды, деп жазады Prosports.kz.

Жеребе бойынша «Қайрат» C тобына түсті. Бұл топта алматылықтардан бөлек, «Бенфика» (Португалия), «Эль Посо» (Испания) және «Песаро» (Италия) командалары өнер көрсетеді.

Ал «Аят» В тобында бақ сынайды. Оның қарсыластары: «Спортинг» (Португалия), «Тюмень» (Ресей) және «Ново Время» (Хорватия).

«Қайрат» командасының барлық ойындары Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында, ал рудныйлық клубтың ойындары Ресейде өтеді.

Отандық «Ел Арна» телеарнасы алматылық клубтың қатысуымен өтетін барлық ойынды тікелей эфирде көрсетеді. Бүгін өтетін «Қайрат» - «Эль-Посо» ойыны елорда уақыты сағат 19:00-де басталады.

Ал «Тюмень» - «Аят» матчы 20:00-де басталады. Ойынды осы жерден және «Матч. Страна» телеарнасынан көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер