Қайрат Айтмолдаұлы: «Мұндай турнирде қаржылық табыс екінші орынға ығыстырылады»

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында футзалдан әлем суперкубогына арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Аталмыш шараға таиландтық «Чонбури» клубының бас бапкері Жозе Мария Мендес, мәскеулік «Динамоның» бас бапкері Давид Марин, «Қайрат» футзал клубының президенті Қайрат Оразбеков пен бас бапкері Какау және бразилиялық «Интелли» командасының тізгінін ұстайтын Цидау қатысты.

Бірінші сөз кезегі «Қайрат» ФК президенті Қайрат Айтмолдаұлына берілді.

«Әлемнің әр конфедерациясы атынан келген ең мықты командалар Алматыда бас қосты. Биылғы маусымды әлем суперкубогымен ашқалы отырмыз. Ал осындай сайыстың Алматыда өтуі біз үшін үлкен құрмет. Бұл турнирде әлемнің беделді төрешілері қызмет көрсетеді. Дәлірек айтқанда өзбекстандық Шухрат Пулатов, қырғызстандық Нурдин Букуев және қазақстандық Талғат Қосмағамбетовтер ФИФА-ның атынан төрелік етуге».

«Динамоның» бас бапкері Давид Марин «Интеллиге» қарсы кездесу туралы пікірін айтты:

«Ең алдымен, осы турнирге қатысуға шақырғандарыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Әлемнің үздік командалары қатарында болу біз үшін үлкен мәртебе. «Интерийге» қарсы алғашқы кездесу біз үшін үлкен сынақ болмақ, себебі бұл ұжымның қалай ойнайтынын білеміз. Сондықтан бізді өте қиын матч күтіп тұр, дегенмен өзімізді жақсы қырымыздан көрсете аламыз деп ойлаймын».

Кейін сөз кезегі «Интерийдің» бас бапкері Цидауға берілді:

«Қайырлы күн, біз үшін Қазақстанда әлем суперкубогына қатысу үлкен құрмет. Былтыр біраз тәжірибе жинап алғанбыз, биыл да нәтижеміз жақсы болады деп үміттенемін»

«Чонбуридің» тізгінін ұстайтын Жозе Мария Мендес те жартылай финалдық матч туралы ойымен бөлісті:

«Бұл турнирде біз бейтаныс командамыз. Азия футболының дамып келе жатқанын көрсеткіміз келеді. Сондықтан қолымыздан келгенше, «Қайратқа» қарсылық көрсетуге тырысамыз. Әрине, ол жақта білікті ойыншылар өте көп, бұл тұста бізге қиын болады».

«Қайраттың» бас бапкері Какау жақсы нәтижеге жету үшін қолынан келгенін аямайтынын айтты.

«Барлық бапкерлерге, әріптестеріме айтарым: «Қош келдіңіздер!». Мұнда Азияның, Еуропаның, Латын Америкасы мен әлем чемпионы қатысады. Сондықтан жанкүйерлер үшін қызықты болады деп ойнаймыз.

Жартылай финалдық жұпта біз фаворитпіз деп айта алмаймын. Тайландық команда өте жақсы ойнайды. Біз бұл клубты құрметтейміз және үшінші қазанда финалда ойнау үшін барымызды саламыз».

Баспасөз мәслихатына келген журналистер де маңызды сұрақтарына жауап алды.

– Қайрат Айтмолдаұлы, бұған дейін аталмыш турнир құрлықаралық кубок боп аталатын, мұның атауы неге «әлем суперкубогы» деп өзгергенін түсіндіре аласыз ба?

– Құрлықаралық кубок, есіңізде болса, УЕФА Кубогынан кейін өтетін. Алайда аталмыш дода Бразилиядағы әлем чемпионатымен бір уақытқа келгендіктен ол басқа кезге ауыстырылды. Бірақ турнирге қатысатын клубтардың ішкі біріншілігіне байланысты кестелері тығыз болғандықтан, ФИФА Алматы қаласында 1-5 қазан аралығында Суперкубокты өткізуге шешім қабылдады. Десек те, турнир барлық талапқа сай ұйымдастырылмақ.

– Давид Марин мырза, турнирге мықты ойыншыларыңыздың бәрін әкеле алдыңыз ба?

– Командамызда осы турнирге қатыса алмайтын ойыншылар бар. Фернандиньо жарақат алып қалды, одан басқа да бізге бірнеше ойыншы көмектесе алмайды.

– Келесі сұрақ Какауға, «Чонбуридің» бас бапкері өзін бейтаныс командамыз деді. Бұл туралы не айта аласыз?

– Осындай тамаша бапкері бар испаниялық футбол үлгісін қолданатын команда әлсіз болмайды. Оның үстіне олар 8-9 жыл бірге ойнап келеді. Біз бұл команданы құрметтейміз. Өзімізді фоваритпіз деп айта алмаймын. Командамызға алты жаңа ойыншы келді, құрылымы енді-енді жөнделіп келеді.

– Қайрат Айтмолдаұлы, жеңімпаздар үшін сыйақылар қарастырылған ба?

– Әрине сыйақылар дайын. Бірақ мұндағы ең басты нәрсе достық қарым-қатынас. Бұл біз үшін футзал форумындағы эмоциялар маңызды. Ал қаржылық табыстар мұндай тунирлерде екінші орында қалып қояды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или